18
Ақпан
2010

Шығыс Қазақстанда атом электростанциясы болуы керек

Posted in Барлық жазбалар

Өңірдің дамытудың өндірістік бағыты мен басымдылығын ескере отырып, Шығыс Қазақстанда болашақта электроқуатына үлкен тапшылық болуы мүмкін.
Облыста оның тапшылығы байқалуда. Облыс аумағында атом электростанциясын салу проблеманың шешімі бола алады. Онымен қоса, Курчатов қ. Ұлттық ядролық орталығы осы бағытта жұмыс істеу үшін мамандармен, жұмыс тәжірибесімен, қажетті жабдықтармен және технологиялармен қамтылған.
Бұл жөнінде станцияны салу басымдылығын талқылау үшін облысқа келген жапон мамандарымен кездесуде әңгіме қозғалды. Жанондықтар тарапынан техникалық –экономикалық негізін әзірлеуге және ары қарай құрылысқа дайын екендіктерін білдірді. Жапонияда 50 астам қолданыстағы атом блоктары бар, ал бұл бұндай қызметтегі сәтті тәжірибесін дәлелдейді. Бұдан басқа, жапондық мамандар шетелдегі бір қатар ұқсас объектілерді салуға қатысады.
Әрине, жоба бас кезінен еліміздің Үкіметінің қолдауын алуы қажет. Қазақстанда қажетті заңнамалық база бар.

17
Ақпан
2010

Қиыншылықта қалдырмаймыз

Posted in Барлық жазбалар

Биылғы қыстың болмаған қар көлемі және өте төменгі температурадан Абай, Күршім аудандары, Семей қаласының Абыралы ауылдық округы күрделі зардаптар шекті.
Өткен демалыста Өскемен және Семей қалаларынан «суық» жерлерге дәрі-дәрмектермен, тамақ өнімдерімен, мал жемдерімен, техника және ЖЖМ бірінші караван жолданды.
Абай ауданына Глукокое ауданының ауыл шаруашылық құрылымдарымен 3 КАМАЗ, Шемонаиха ауданынан – 3 КАМАЗ, Өскемен қаласынан 2 КАМАЗ жемшөп жіберілді.
Семей қаласы өңірлеріне Өсекемен қаласы ауыл шаруашылық құрылымдарымен 2 жүк көлік жемшөп көмегі көрсетілді, Бородулиха ауданы 1 жүк көлік жемшөп жолдады.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған өңірлерге Өскемен қаласы 8 тонна ЖЖМ және «Шығыс жолдары» АҚ бірігіп мал қыстағына апаратын жолды тазалайтын 3 трактор жолдады.
Акция жалғасуда.
Шет орналасқан аудандарға көмек көрсете алатындардың барлығын шақырамын.

16
Ақпан
2010

«Казцинк» ЖШС сапар

Posted in Барлық жазбалар

15 ақпанда «Казцинк» ЖШС болып қайттым. Аталмыш кәсіпорынның бөлімшелерінде 20 мыңға жуық шығысқазақстандық жұмыс істейтіні белгілі. Оның үстіне өңірде шығарылған өнеркәсіптік өнім көлемінің жартысы казцинктіктердің еншісінде.
Казцинкте өткен кездесу барысында кәсіпорынның өткен жылдағы жұмысына қатысты нақты мысалдар мен көрсеткіштер келтірілді. Аталған кәсіпорын өнімнің бірде-бір түрінен өндіріс көлемін азайтпай, 300 мың тонна мырыш, 80 мың тонна жуық қорғасын, 90 тоннадан астам алтын мен күміс шығарған.
Биылғы жылы «Казцинк» ЖШС-нің алдында зор мақсат тұр – ол мыс өндірісін іске қосу және қорғасын өндірісін қалпына келтіруді аяқтау. Бұл ірі кәсіпорынға құны жоғары қосымша өнім шығаруға мүмкіндік береді.
«Жаңа металлургия» жобасының тағы бір маңыздылығы – жаңа 700 жұмыс орны ашылады. Яғни, шығысқазақстандық 700 отбасы тұрақты табыс көзіне ие болады.
Биылғы жылы Казцинк облыс әкімшілігімен жасасқан келісімнің негізінде балабақша мен теннис кортының құрылысын аяқтайды. Кәсіпорынның әлеуметтік бастамаларының арасында мемлекет басшылығының ризашылығына бөленген «Үміт сәулесі» жобасы ерекше орын алады. Оның арқасында 30 бүлдіршін отбасында өмір сүру бақытына ие болды.
Мен казцинтіктердің жоспарларын қолдай отырып, өнеркәсіптік өндірістің экологиялық мәселелеріне ерекше назар аударамын. Өйткені дәл осы мәселе қалалықтардың көптеген арыз-шағымдарын туғызуда.
Сондай-ақ, «қазақстандық үлесті» арттыру жөніндегі жалпыреспубликалық стратегияны ұстану керек. Әзірге «Казцинк»-тің бұл көрсеткіші 62%-ы құрап отыр. Ал облыстық орта деңгей – 80%.
Қазірдің өзінде геологиялық барлау жұмыстарын қарқынды жүргізіп, жаңа кенорындарды ашу бағытында жұмыс істеу туралы ойлану қажет. Кәсіпорынға Жоғары технологиялар аймағы мен Конструкторлық бюроның құрылуына белсенді араласуды, сондай-ақ, шикізаттық емес салаларды дамыту үшін Казцинктің негізінде ілеспе өндірістер ашуды ұсынамын.

12
Ақпан
2010

Шығыс Қазақстанда есеп беру науқаны аяқталды

Posted in Барлық жазбалар

Шығыс Қазақстанда маңызды саяси науқан – барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері аяқталды. Бірінші болып атқарылған жұмыстар бойынша есепті 261 ауылдық округтер әкімдері берді. Олар ауылдықтармен, 71,6 мың адам қатысқан 700 аса кездесу өткізді.
2010 жылғы 20 қаңтардан 10 ақпанға дейін 19 қалалар мен аудандардың әкімдері 281 кездесу өткізді. Атқарылған жұмыстар туралы баяндаманы тыңдауға 62,2 мың адам ниет білдірді. Негізінен сұрақтар әлеуметтік салаға қатысты болды. Атап айтқанда ол ауыз су, тұрғын үй саласы, жер мәселелері, жолдарды салу және жөндеу, білім беру объектілері, денсаулық сақтау және мәдениет, электрификация и телефонизация, елді мекндердің санитарлық және экологиялық жағдайының мәселелері. Мен Бородулиха, Зырян аудандары, Семей және Өскемен қалалары және Глубокое ауданының Калининский ауылдық округы, Үржар ауданының Қаракөл ауылдық округы, Көкпекті ауданының Көкжайық ауылдық округы және Жарма ауданының Бірлікшіл аулыдық округы әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатыстым. Сондай-ақ, Семей және Өскемен қалалары халқының алдында есеп беру кездесуін өткіздім.
Бұл сапарлар маған тек жерлерде іс жағдайларымен танысуға, «Жол картасы» бағдарламасының іске асу барысын бақылауға алу, облысты дамытудың басқа да стратегиялық тапсырмаларымен танысып қана қоймай, және де шығысқазақстандықтар қалай тұратындарын білуге мүмкіндік берді.
Өңіріміз дағдарыс кезеңінде қиындықтарға төзіп қана қоймай, болашақтағы дамудың алғышарттарын жасады. Бізде ел Президенті жүктеген міндеттерді орындауға қажетті ресурстар бар, әлеуетіміз жеткілікті.
Өнеркәсіп саласында ең алдымен инновациялық технологияларды енгізу, бар зауыттардың негізінде өндіріс көлемдерін арттыру, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын құру арқылы металлургиялық сектордағы шикізаттық бағыттан бас тарту қажет.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту барысында өңірдің мүмкіндіктерін ескере отырып, ауылшаруашылық өнімдердің өндіру және қайта өңдеу көлемдерін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларының индустриалдық әртараптандыруын белсенді атқару қажет. 2014 жылға дейін ішкі нарықты өзімізде өндірілген азық-түлік тауарларымен 80%-ға толымдауын қамтамасыз еткен жөн. Маңызды міндеттер қатарында – дайындау-қызмет көрсету орталықтарын ұйымдастыру, марал және ара шаруашылықтарын дамыту.
Энергия және жылу көздерінің үздіксіз жұмысы, энергияның балама көздерін белсенді түрде енгізу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру және жөндеу энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығындағы алдағы уақыттың өзекті мәселелері.
Шағын кәсіпкерлік саласында оның ішкі өңірлік өнімдегі үлесін 5%-ға арттыру қажет. Шағын несие ұйымдарының, несиелік серіктестіктерінің, қорлардың жүйесін кеңейткен, рұқсат беру процедураларын оңтайландырған, облыстың қалалары мен аудандарында бизнес-инкубаторларын ашқан абзал. Алда Өскемен және Семей қалаларындағы бизнесті дамыту аймақтарын салуды жалғастырып, олардың негізінде жаңа өндірістерді іске қосу міндеті тұр.
Қазақстан, Ресей және Белоруссияның Кедендік одағының, Қытай және Моңғолиямен шекаралық ынтымақтастығының, Қазақстан Республикасының өзге елдердегі Елшіліктер мен Консулдықтарымен өзара жұмыс істеу мүмкіндіктерін пайдалана отырып, облыс экономикасына шетелдік инвестициялар тарту қызметі жандана түседі.
Денсаулық сақтаудағы басым бағыттар – ана мен бала өлімін, әлеуметтік маңызы бар аурулар деңгейін азайту, дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету, жоғары технологиялық медицинаны дамыту.
Білім беру де маңызы жоғары бірқатар мәселелер бар. Алдағы уақытта мектепке дейінгі мекемелердің санын артыру, білім беру мекемелерін негізді түрде оңтайландыру, бар ғимараттарды тиімді пайдалану, қалалар сыртындағы 17 лагерь ашу қажет.
Халықты әлеуметтік қорғауда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды жүйелі әрі жоспарлы түрде төленуін, әлеуметтік көмектің атаулылығын қамтамсыз ету керек.
Мәдениет пен спорт салалары бойынша ауылдық жерлердегі тиісті мекемелер мен ұйымдардың санын арттыру, халықты, әсіресе, балаларды денешынықтыру мен спортқа баулу жанданып, Денсаулық күндері өткізіледі.
Биыл Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 65 жылдығы аталып өтеді. «Ешкім ұмыт қалмайды» деген ұранмен облыста Ұлы Жеңісті тойлауға дайындық жүріп жатыр. Іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асуда, арнайы қаражат та жеткілікті.
Ең бастысы – ешкімді назардан тыс қалдырмай, барлық ардагерлерге нақты көмек көрсету. Ұлы Жеңіс күніне орай Елбасының тапсырмасы бойынша соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне 65 мың теңге көлемінде бір реттік төлем жасалады. Осыған орай облыста 563 млн. теңге трансферттер бөлінді.
Сөйтіп, әр саланың жауапты қызметкерлері облыс әкімінің есебін тыңдай отырып, тиісті тапсырмалар алды. Енді ел және өңір басшылығы көрсеткен бағыттарының аясында тиімді жұмыс істеу қажет.

3
Ақпан
2010

Әлеуметтің әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндігіміз жетеді

Posted in Басылымдар

Бүгінгі Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларында қарапайым халық алдында айналада – экономикада, сыртқы саясат өмірінде, әлеуметтік салада, халықаралық қатынастарда, өндірісте және тұрмыста, бір сөзбен барлық жерде болып жатқанның барлығына жауаптылықтан маңызды еш нәрсе жоқ.
Ең бастысы – экономиканы өркендету. Өнеркәсіпте – бұл инновациялар, еңбек және энергожабдықтау өндірісін арттыру, агроөнеркәсіп кешенінде – қайта өңдеу күштерін арттыру.
Бағасы 60 млрд. теңгені құрайтын Қазақстанның индустриаландыру картасына қосылған отыз шығысқазақстандық жобалар осындай жоғары потенциалы бар облыс үшін жеткіліксіз екені анық. Біздің мүмкіншіліктерімізді қайта қарастырып, оларды жаңа жобалармен толықтыру қажет. «Алтай» технопаркінің қуат альтернативтік көздерінің өнімдерін (күн және жел энергетикасын), Өскемен қ. конденсатор зауытымен неше жыл өндіріліп келе жатқан қуатты жинақтау құралдарын, және тағы басқа әр түрлі энергосиымдылығын азайтуға көмектесетін пайдалы заттарды толығырақ пайдалану қажет.
«Бизнестің Жол картасы – 2020» жаңа бағдарламасы аясында үлкен көлемді жұмыстар атқару қажет. Бұл бағдарлама өңірде кәсіпкерлікті дамыту үшін керемет мүмкіншіліктерді ашады. Оның басымдылығы, әрбір өңірдің потенциалдық мүмкіндіктерін нақты және бөлшекі есептеулеріне негізделген, қаржыландырудың жалпы лимиті бойынша үшжылдық бюджет аясында жұмыс істейтіндігінде. Осы жерде кіші, орта, сондай-ақ ірі бизнестерді шешуге мүмкіндік бере алатын біздің жобалардың негіздеулерін тездету қажет. Кәсіпкерлер несиелік мөлшерлеменің азайғанын қалайды. Осы жоспарда, өз кепідіктерімен кіші бизнесті несиелей алатын «Қазцинк» және «Қазақмыс» сияқты алпауыт кәсіпорындармен жұмыс істеу қажет.
Президент Жолдауының аясында барлық жоспарлар мен тапсырмаларды іске асырудың басты және міндетті талапты орындағанда ғана мүмкін – адам капиталын саналы және сауатты пайдалану. Қазіргізамандағы постдағдарыстық кезеңнің күрделі тапсырмаларын шешу үшін бізге сауатты адамдар, білікті мамандар, өз елінің нағыз патриоттары және өз өңірінің патриоттары қажет. Бізде кімді кімге дайындап жатқанымыздың нақты талдауы жоқ. Өндіріс талаптары біздің колледждер және жоо түлектерінің саны және талабына сай келмейді.
Президент Жолдауының біздің алдымызда тұрған өмір сапасы және әлеуметтік қорғау туралы тапсырмаларының тізбесінде, мәселе Нұрсұлтан Назарбаевпен онжылдық бағдарламалық құжатта ескерілген, зейнеткерлер және басқа да халық дәрежесіне берілетін әлеуметтік жеңілдіктер туралы ғана айтылмаған. Біз азаматтарымыздың өмір сапасын арттыру бойынша миссиямызды және чиновниктердің ролін ұмытпайымыз қажет, сондықтан мемлекетпен көрсетілетін әлеуметтік, коммуналдық және тағы басқа қызметтердің сапасы жоғарғы деңгейде болуы қажет. Бұл жөнінде біз ешқашан ұмытпауымыз керек, өйткені билік әрқашан да барлығына жауапты.
Қазіргі уақытта біздің өңір үшін атқарушы биліктің ағымдағы тапсырмалары аса өзекті:
Бірінші – бұл, әрине, барлық елді мекен тұрғындарын жылумен, электроэнергиямен, сумен, газбен қамтамасыз ету мәселесі, бұл бүгінгі күннің басты тапсырмасы, оның орындалуына толығымен әкімдер жауапты.
Екінші – жолдар. Олар тәуліктің жарық уақытында үнемі ашық болуы керек, ал автомобиль, теміржол және әуекөлігі жұмысы – үнемі.
Үшінші – басты мәселе Президент Жолдауын сауатты, білікті және толықтай түсіндіру. Өйткені «Жаңа онжылдық – Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеуі, жаңа мүмкіндіктері» бағдарламалық құжат – біздің жақындағы және ары қарайғы басымдылық жұмыстарының жоспары, және біздің оны қалай түсінсгенімізден ары қарайғы өмірімізге әсерін тигізетін болады.

7
Қаңтар
2010

7 қантар – Рождество мерекесі

Posted in Құттықтау

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді Рождество мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл жарқын мейрамды көпұлтты еліміздің барлық азаматтары атап өтуде. Бұл күнгі ғибадаттар бейбітшілік пен келісімге, мейірімділік істерге шақырады. Рождество – сенім иелеріне рухани күш-жігер беріп, жанын тазартатын, өзара түсіністік сыйлап, болашаққа деген үмітті нығайтатын мейрам.
Мерекеде көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жандарыңыз жадыраңқы болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бастаған әрбір істеріңізге сәттілік тілейміз!

31
Желтоқсан
2009

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

Posted in Құттықтау

Құрметті шығысқазақстандықтар!

2009 жыл тарих қойнауына өтіп барады. Бұл кезең ауқымы мен сарыны әртүрлі оқиғаларға толы болды. Біз ортақ үйіміздегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өзара түсіністікті сақтап қалдық, тіпті одан әрі нығайта түстік.

Біз Елбасының тапсырмасын орындадық, көздеген жоспарларды іске асырдық және жауаптылығы мен қиындығына қарамастан экономикалық көрсеткіштердің деңгейін сақтап қалдық.
Әрқайсыларыңыз ортақ істің сәтті іске асуына өз үлестеріңізді қостыңыздар. Аймақтың индустриалды-инновациялық дамуы бастау алды. Президенттік бағдарламаның арқасында жолдар, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары жөнделді, коммуникация саласы даму үстінде, коммуналдық шаруашылықта да оңды өзгерістер аз емес. Біздің қалалар мен ауылдар көркейіп, таза әрі жайлы бола бастады.

Біз бұл қарқынды бәсеңдетпей, өтіп бара жатқан жылдағы жетістіктерді сақтауға және жалғастыруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Өткен жылды межелеп, алдағы уақытқа жоспар құратын, барша халыққа жадыраңқы көңіл күй сыйлайтын Жаңа жылдай ғажап мерекенің қарсаңында сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Жаңа жыл құтты болып, баршаңызға бақ-береке әкелсін!

16
Желтоқсан
2009

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Posted in Құттықтау

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді еліміздің Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ел тарихы үшін он сегіз жыл қас қағым сәт. Дегенмен жас мемлекеттің жетістіктері айқын және біз оларды мақтан етеміз.

Талай мемлекеттер қаржылық дағдарыстың құрмауында қалып, экономикалық машақатқа тап болып жатқан биылғы жылдың өзінде Қазақстан қиындықтарды абыроймен жеңіп келеді.
Елбасы және Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар және мемлекеттің тұрақты экономикасы әлемді жайпыған қаржылық қиындықтардың жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, біздің Президент әлемде алғашқы болып дағдарыстан кейінгі даму бағыттарын айқындап берді.

Оның саяси беделі, сындарлы саясаты, замануи шешімдері мен болашаққа жұмыс істеу қабілеті ел дамуының алғышарты мен қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі болып отыр.
Он сегіз жыл бойы халқымыз тәуелсіздікті нығайту және экономикалық жағынан берік әрі демократиялық мемлекет құру мақсатында бірігіп жұмыс істеуде.
Енді біз осы қарқынды бәсеңдетпей, Қазақстанның және оның азаматтарының жетістіктерін сақтап, одан әрі дамытуға күш саламыз.

Мереке қарсаңында өнеркәсіпте және көлік саласында, құрылыс пен энергетикада, ауылшаруашылығында, байналыс пен қызмет көрсетуде еңбек етіп жүргендердің кәсіби жұмыстарын атап өткен абзал.
Әлеуметтік сала қызметкерлері – дәрігерлерге, мұғалімдерге, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы азаматтарға алғысымыз шексіз. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлердің алдында да маңызды міндеттер тұр. Сіздердің қиын да, абыройлы еңбектеріңізді құрметтейміз.
Азаматтық қоғам өкілдеріне, саяси партияларға, үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, діни конфессиялардың басшыларына үлкен алғыс айтамыз. Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан сындарлы сұхбаттың арқасында біз бірлесе отырып көптеген түйіткілді мәселелерді шешудеміз.

Еңбек және соғыс ардагерлеріне, Ақсақалдар кеңесіне және аға буын өкілдеріне ақыл-кеңестері, шыдамдылығы мен түсіністігі үшін рахмет айтып, бас иеміз.
Жастарға, өскелең ұрпаққа, тәуелсіздік құрдастарына батыл да, жалынды ойлары мен жобаларын іске асыруда сәттілік тілейміз. Сіздерді жастықтарыңыз, бастамашылдықтарыңыз бен қуаттарыңыз жаңа жеңістердің қозғаушы күші.

Барлық шығысқазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз берекелі, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

17
Қыркүйек
2009

Шығыс Қазақстан бойынша саяхат!

Posted in Барлық жазбалар

P8260658Жарты жыл көлемінде қызметтік сапар аясында мен Шығыс Қазақстанның әр түрлі жерлерінде боламын, Шығыс Қазақстанның бірегей және сирек кездесетін табиғаттың әдемілігіне таң қалудан жалықпаймын. Таулары, өзендері, далалары, өзен алқаптары, Алтай тауының қар басқан жоталары, таза көлдерінің көгілдір беттері – осының бәрін талай ғалым-саяхатшылар үнемі бейнелеген. Бұл қайта-қайта қолға қалам алып, көтеріңкі, таза, рухани туралы ойландырады.
Менің көргендеріммен бөлісіп, Сіздерге менімен бірге саяхатқа шығуды ұсынғым келеді.
Өз саяхатымызды Күршім ауданының Киин-Кириш бекетінен бастайық, ол қазақшаға аударғанда «паң сұлу» дегенді білдіреді.
Жасылдау-қызыл қоңыр және жасылдау-сұр реңктер ашық-сұр, сары және ақпен кезектесіп, төмен қарай қайта жасылдау-сұр және қызыл-қызыл қоңыр, шұбар-қызыл және кірпіш-қызылға ауысып тұрадаы. Бұл – Киин-Кириш тауы. Ол су орнына тұзға толған, көлдердің сирек қарлы-ақ дағымен сарғыш елсіз жазықтың үстінде тұр. Бұл орын ұзақ есте сақталып, қиялды дүрліктіреді.
Бұл біздің облысымыздағы жалғыз таң қаларлық орын емес, сондықтан да бізде Сіздермен болашақта Шығыс Қазақстанның басқа да аудандарына «сырттай» саяхат жасайтын мүмкіндігіміз бар.

27
Тамыз
2009

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Posted in Құттықтау

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде
мемлекеттiлiк құра отырып,
өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын
алуды тiлей отырып,
қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып,
өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге
ала отырып
осы Конституцияны қабылдаймыз.

Қазақстан Республикасының Конститутциясы

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді біздің еліміз үшін шын мәнінде ерекше мереке Қазақстан Республикасының Конститутция Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – Қазақстанның тұрақтану және өркендеу негізі, әрбір қазақстандықтың құқығы және еркіндігінің кепілі.
Мемлекет басшысымен ұсынылған және бүкіл халық қолдаған Негізгі заң Қазақстанның дамуының жолбасшысы және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси, сондай-ақ біздің еліміздің әртүрлі салалардағы жетістіктер процестерінің негізі болып келеді.
Бүгін біз Конституциямыз біздің халқымыздың шығармашылығын, жасампаздық қуатын белсендіреді, кәсіпкерлік бастамаға жағдай жасайды деп айтуға негіз бар.
Осы мерекенің қарсаңында сізге және сіздің отбасыңызға бейбітшілік және ынтымақтық, денсаулық, табыс және өркендеуді тілеймін!