Archive for the ‘Барлық жазбалар’ Category

Тікұшақ апаты кезінде қайтыс болғандардың отбасылары мен тұған-тұысқандарына көңіл айтамын

Дүйсенбі, Наурыз 15th, 2010

Үржар ауданында құтқару операциясы кезінде апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының қаза тапқан экипаж мүшелері мен жолаушыларының отбасылары мен туған-туысқандарының ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Еңбек нарығындағы құқықтық қорғанушылық бүгін – лайықты қарттық ертең

Жексенбі, Наурыз 14th, 2010

11 наурызда мен Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың арнайы өкілінің саяси кеңесшісі, өңірлік бюро басшысы Томас Ленкпен кездестім.
Кездесу барысында «Еңбек нарығындағы құқықтық қорғанушылық бүгін –лайықты қарттық ертең» жобасын іске асыру басымдылықтары талқыланды. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарын еңбек және зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы кепілденген мемлекеттік құқықтарын және кепілдіктерін іске асыру процесін аса мөлдір және тиімді ету. Осы тапсырманы шешуге үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдар іске қосылатын болады.
Еуропалық Одақтың өкілі осы ұйым үкіметтік деңгейде жұмыс істейтінін баса айтты. Алайда, ол өңірлерде де сәйкес жұмыстарды жүргізуге дайын.
Мен осындай жобаларды қосымша қаржыландыру мәселесін қарастыру қажет деп санаймын. Осындай іс-шараларда ҮЕҰ, бизнес-сектор, мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ тұрғындар қатысқаны маңызды.

Инвестициялық міндеттерді орындау және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Сәрсенбі, Наурыз 10th, 2010

Риддер қаласы тұрғындарынан «Маверил девелопмент» корпорациясының бастығы, «Риддер ТЭЦ» АҚ басқарушысы Борис Кососкидың атына биылғы жылуберу маусымында пәтерлердегі төмен температураға жүздеген арыз келіп түсті.
Тұрғандар тарапынан арыз беру себебі жылу орталығындағы авария болды. Бұл нәтиже алдын ала болжанған – риддерлік ТЭЦ көп жыл бойы бар нормаларға қарамастан жөндеусіз жұмыс істеп келеді. Осыған ілеспелі жағдайлардың бірі – үй ішіндегі желілердің қатты тозуы және оларға қызмет көрсету қиындығы. Мұнда басқарушы компания көмір сапасының төмендігін қоса айтады. Басшылықтың айтуы бойынша сапасы жоғары жылуды сатып алуға бекітілген тариф мүмкіндік бермейді.
Сөйте тұра, риддерлік ТЭЦ материалдық-техникалық базасын нығайту қажет, оның үстіне осында салынатын инвестициялар тариф есебінен емес несие қаражаты есебінен жүруі қажет. Ал компания жылу орталығының материалдық-техникалық базасын жақсату бойынша жоспарын нақты және анық көру үшін, жыл сайынғы инвестициялық салымдардың кестесін әзірлеуді ұсынамын.
«Шыгысэнерготрейд» ЖШС коммуналдық меншікке тапсырылмау керек деп санаймын, өйткені бұл функция мемлекеттік органдарының құзырына жатпайды. Сөйте тұра, оператор анық, ашық және қазіргі бар заңнама аясында жұмыс істеуге міндетті. Қақаған ақпан аязында облыста энергия жабдықтаумен қалыптасқан жағдай қайталанбау керек. Біз бұл мәселені ТМД-ғы AES компаниясының вице-президенті Майкл Джонаганмен кездесуде талқыладық.
Мен кәсіпорынның біздің өңірде жүргізіліп жатқан инвестициялық саясатына қанағаттанбадым. Қазіргі уақытта компанияны инвестициялық міндеттерінің орындалуына ШҚО бойынша ТМРА департаменті тексеру жүргізуде. Ең бастысы – бұл компанияны дамыту халықтың қызметті пайдалануға төлеген тарифы есебінен емес, ресурстарды тарту есебінен инвестициялау.

Біз кез-келген күтпеушілікке дайын болып, нақты және бірлесіп жұмыс істеп, және еш нәрсеге қарамастан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет.

Жұма, Наурыз 5th, 2010

1 наурызда біздің облысымызда төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың басшылығымен үкіметтік комиссия болып қайтты. Өкілді делегация құрамында көлік және коммуникация министрі Әбелғазы Құсайынов, ауыл шаруашылығының вице-министрі Марат Оразаев, сәйкес министрліктерінің департаменттері мен комитеттердің басшылары.
Осы жылғы жауған қардың саны жылсайынғы көрсеткіштерден 3, кей жерлерде 7 есе асып түскен. Соңғы 30-40 жылда мұндай қыс болмаған. Мысалы: Зайсан ауданында 751%(!) қар жауған. Бірнеше күн тоқтаусыз жауған қар, ұзақ аязбен ауысып отырды. Жерлерде ауа температурасы 46 градусқа дейін төмендеген. Жағдайды 50-ден 150 см құрайтын, жер бетінің қату тереңдігі қиындатады. Бұл факт жиылып қалған судың жер астына сіңуіне кедергі жасайды. Ал олар Шығыс Қазақстанда аз болмайды. Қазірдің өзінде мамандар, бір қатар шағын суаттарлың сиымдылығы, көзделіп отырған жиналып қалған су көлемінен біршама аз екендігін айтуда. Алдын ала болжау бойынша өңірде су тасқынықауіпті 125 учаскелер саналуда.
Комиссия мүшелері облыс орталығының су басу мүмкіндігі бар бірқатар учаскілерде болып қайтты. Оның ішінде Жуков және Бражинский жылғалары, мұнда су өткізу құбырларын мұздан тазалау жүргізіліп жатыр. Понтон көпірі ауданында ТЖ министріне судың қату тереңдігі кей жерлерде бір жарым метрге жететін, Ертіс өзенінің учаскесін көрсетті. Өкілді делегациясы, сондай-ақ керемет қарлы борасындармен мінезделетін Өскемен-Зырян трассасының 16 км болды.
Зырян ауданында жұмысшы тобы Осиновск асуының төшкін түсу қаупі бар учаскелерін, су басу қаупі бар Тұрғысын, Зубовск кенттерінің аумағын, Нижнее Быково ауылындағы Бұқтырма өзеніндегі қорғаныс дамбасын қарады. Жарма ауданында Шалабай станциясы ауданындағы теміржол учаскесінің қар алған жерлерінде болды. Жұмыс тобы Зайсан ауданындағы Үйденен суқоймасының жағдайымен танысты. Көкпекті, Тарбағатай, Үржар аудандары және Риддер қаласында болды. Көкпекті ауданында жалпы тұрғыны 6440 адамды құрайтын, тоғыз елді мекенді су басу қаупі сақталуда. Бұл Преображенка, Черноярка, Үлкен Бөкен және т.б. ауылдар. Шүлбі ГЭС бару жұмыс бағдарламасын аяқтады.
Владимир Божко облыс аумағында қалыптасқан жағдайдың қатаңдығын бағалап, осы қыстың жағдайында барынша көп жұмыс атқарған сәйкес қызметтердің лайықты жұмысын белгіледі. Қысқы мезгілде жолдарды тазалау үшін Шығыс Қазақстанға Ақмола, Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарынан қосымша техника тартылған. ТЖ мамандарымен қарлы қоршаудан 500 астам адам құтқарылған болатын.
Біз кез-келген күтпеушілікке дайын болып, нақты және бірлесіп жұмыс істеп, және еш нәрсеге қарамастан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет.

Ең бастысы мал санының азаюына жол бермеу

Дүйсенбі, Наурыз 1st, 2010

Ал биылғы қаһарлы қыстың жағдайында бұл оңай міндет емес. Биыл бүкіл елдің, оның ішінде Шығыс Қазақстанның ауа райы ерекше қиын болып тұрғаны белгілі. Термометр көрсеткіштері кейбір өңірлерде – 50 градусқа дейін төмендеген. Ал қардың қалыңдығы өзінше бір тақырып.
Қыстың құрсауынан көбірек зардап шеккен аймақтардың қатарына Абай ауданы мен Семей қаласының Абралы ауылдық округын жатқызуға болады. Мен аталмыш өңірлерде болып, қаһарлы қыс жағдайындағы малшылардың жұмысымен, жолдармен, жем-шөп қоры және мал бағу жағдайларымен таныстым.
Жалпы Абай ауданын қарлы мекен деп айту қиын. Мұнда жыл сайын тек бірнеше ондаған сантиметр қар жауады. Көбінесе далалық жер болғандықтан соққан жел қар жамылғысын ұшырады немесе жылдам ерітіп жібереді. Жергілікті халық та бұған әбден үйреніп алған сияқты. Қажет мал азығының 80 пайызын дайындасаң болғаны, қалғанын тебіндеп жүрген мал өзі өтейді.
Бірақ биылғы қыс талайдың сыбағасын берді. Қара күзде жауын-шашын болды, ал кейінен бірден қар түсіп, жердің бетін тоң мұз басты. Бұдан әрі жағдай бұдан да қиын болып кетті – тоқтамастан, боратып кар жауа бастады. Мұндайда малдың тебіндеуі мүмкін емес. Өйткені қой тұрмақ, жылқы малы қарды бұзам деп тұяғын қан қылып жаралап жатыр. Оның үстіне «бірдеңе етіп өткізерміз қысты» деген шаруалар да мал азығын аз дайындаған екен. Нәтижесі жылатпаса, қуантпайын деп тұр. Жем-шөп аз, жануарлар жүдеген, кейбір жерлерде өліп те жатыр.
Еңбек өтілі жоғары малшы, еңбек ардагері Төлеутай Құрмановтың айтуынша, мұндай соңғы 40-50 жылда әлі болмаған. Өз басы далаға шығарған жылқыларын көрмегелі бір айдың жүзі болыпты. Жете алмай отыр екен. Жолдың бәрін қар басқан.
Семей қаласының Абралы өңірінің жағдай да осыған ұқсас. Мұндағы қардың қатып қалғаны соншалық ат мінген ер адамның салмағын (!) оңай көтереді екен.
Тағы бір өзекті мәселе – ол жолдарды тазалау. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы екі метрге жетеді. Мұндай қалың қабатты К-700 сияқты қуатты трактордың өзі әзер тазалайды.
Алайда жарияланған акцияның арқасында ауылдықтар қиын жағдайда жалғыз қалмады, тиісті көмек алды. Айталық, Абай ауданына Өскеменнен, Семейден, Курчатовтан, Глубокое, Аягөз, Шемонайха, Ұлан аудандарынан 150 тонна жем, сондай-ақ, азық-түлік, көмір жеткізілді. Сондай-ақ, өзге өңірлер техника беріп көмек қылды. Қазір ауданның жолдарын жеті К-700 тракторы тазалау үстінде. Абралы өңіріне де тиісті көмек көрсетіліп отыр.
Айта кететін бір маңызды жәйт бар. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары жем-шөп жеткізуге зор шығын жұмсағаннан гөрі қосымша техника арқылы қатқан қарды тазалап, малды тебінге шығару керек дейді. Мұндай технология бұрынырақта пайдаланылған екен. Жалпы алғанда шамамен 7-8 мың гектар жерді тазалау қажет. Мамандардың пікірінше, бұл қадам жөм-шөппен қамтамасыз ету проблемасын шешуге мүмкіндік берер еді. Қазір тиісті есептеулер жүргізілуде.
Көмек бұдан әрі де келіп тұратынын болады. Ең бастысы малдың жаппай қырылуына жол бермеу. Өйткені мал өсіру – аталған аймақтар экономикасының негізі.

ТМК «Серпінді» жобасы

Бейсенбі, Ақпан 25th, 2010

Бүгін мен «Өскемен ТМК» АҚ басшылығының жұмысшылыр ұжымымен есеп беру кездесуіне қатыстым. Кездесу күн тәртібінің басты мәселесі – әлеуметтік міндеттерді орындау және титан құймалары мен ерітінділерін шығаратын зауыт салу бойынша «серпінді» жобаны іске асыру.
Бүгін мұнда іске қосу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, ал пайдалануға беру жылдың екінші жартысына көзделген. Бұл жоба Елді индустриализациялау картасына кіреді. Жаңа зауыттың өнімі төртінші рет қайта жасалуға дейін өңделетін болады. Бұдан басқа, коммерциялық таза титан құймасы, сондай-ақ оның ванадий және алюминимен құймасы кеуеткі титаннан екі жарым есе қымбат тұратын болады.
Мен, жаңа зауыт мерзімінде іске қосылатына үміттенемін.
Өткен жылы комбинатта әлеуметтік дамытуға шығынның 15% өскені ойда қалатындай. Ежелгі дәстүр бойынша комбинаттың демалу орталығы және ұжымдарға арналған турбаза, екі спортзал, бассейн, стадион, хоккей қорабы, субалшықемханасы бар.
«Қазақстандық қамту» есесінің көтерілгенін ерекше ескере кету керек, өндірісте пайдаланылатын шикізаттың ерекшелігінде зауытта бұл көрсеткіш 32% құрайды.

Жеңімпаздармен кездесу

Сейсенбі, Ақпан 23rd, 2010

Елімізде түрлі спорттық чемпионаттар мен біріншіліктер жиі өтіп тұратыны белгілі. Алайда ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты шығысқазақстандықтар үшін ерекше болды. Ол ең алдымен біздің облыс спортшыларынан құралған чемпиондар мен жүлдегерлер санымен ерекшеленді.
Осы жарыста бірден біздің төрт жас спортшы чемпион атанса, екеуі екінші орынға, біреуі үшінші орынға табан тіреді. Облысымыздың спорттық тарихында мұндай оқиға әлі болмаған. Сондай-ақ, жалпы отандық әуесқой бокс ардагерлері де бір облыс осыншама жүлдені қанжығасына байлағанын көрмеген шығар. Біздің жігіттер мықты екендіктерін тағы бір рет дәлелдеді.
Мен ел чемпиондары Мирас Жақыповты, Айдар Әмірзақовты, Манат Өмірзақовты, Данабек Сужановты, сондай-ақ, жүлдегерлер Миржан Рахимжановты, Әділет Егізеков, Жақсылық Ильясовтпен кездестім.
Біздің чемпиондарға жаңа жеңістер мен кәсіби жетістіктер тілеймін. Кезекті Олимпиада ойындарының жүлдегерлері арасында біздің, шығысқазақстандық боксшылар да болады деген сенімдемін.

Ауыл жағдайы – бақылауда

Дүйсенбі, Ақпан 22nd, 2010

Өткен аптада мен сапармен біздің облыстың ең қарлы аудандарының алыс ауыл округтері – Күршім және Зайсанда болып қайттым. Менің сапарымның мақсаты – ауылдықтардың проблемасымен танысу. Ал олар, мен ойлағандай өте көп.
Ең бастысы – бұл жолдар. Мысалы, Күршім ауданының Төсқайың ауылдық округы еліміздің ең шеткі нүктесі болып келеді. Ары қарай тек таулар және Қытай. Бұнда жету жазың күні де оңай емес, ал қыс мезгілі туралы айтпауға болады. Аудан билігі «жол» мәселелерін шешуге тырысады. Қар тазалау үшін мұнда қосымша техника тартылған. Әскерлер, шаруа қожалықтары көмектеседі. Алайда, биылғы жылғы үнемгі боран және жаппай жауған қар жағдайды тиімді шешуге мүмкіндік бермейді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көктемде және жазда басқа да маңызы кем емес жағдайлар туындайды. Қардың еруімен және көктемгі жауындармен бірге жолдар шайылады. Бұл жағдайда мұнда жүк транспортымен ғана өтуге болады, ол да үнемі емес. Ары қарай баратын болсақ – жолды көктемде қатты тасқанға айналатын кішкентай Қаба өзені алып жатыр. Бұл кезеңде өзеннің ар жақ жағалауындағы ауылдықтар бір-бір жарым айға әлемнен шет қалады. Көпір қажет. Нысан шет жерде орналасқанына байланысты құрылысқа тендрлар ешқандай нәтиже бермейді.
Мен, ағымдағы жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындауға тапсырма бердім, бәлкім, осы жылы «Теректі-Урунхай-Төсқайың» жолы жөнделетін болады. Қаражат бар және осы жылы Қаба өзені арқылы көпір салу басталады.
Күршім және Зайсан аудандарында жиі қойылатын сұрақтардың бірі – әр түрлі құжаттамаларды рәсімдеу қиыншылығы. Ауылдықтарға жиі қандай да бір анықтаманы немесе құжатты бекіту үшін аудан орталығына дейін жүздеген шақырым жасау қажет. Енді ХҚО жұмысшылары алдын ала белгіленген уақытта аудан округтарына келетін болады.

Шығыс Қазақстанда атом электростанциясы болуы керек

Бейсенбі, Ақпан 18th, 2010

Өңірдің дамытудың өндірістік бағыты мен басымдылығын ескере отырып, Шығыс Қазақстанда болашақта электроқуатына үлкен тапшылық болуы мүмкін.
Облыста оның тапшылығы байқалуда. Облыс аумағында атом электростанциясын салу проблеманың шешімі бола алады. Онымен қоса, Курчатов қ. Ұлттық ядролық орталығы осы бағытта жұмыс істеу үшін мамандармен, жұмыс тәжірибесімен, қажетті жабдықтармен және технологиялармен қамтылған.
Бұл жөнінде станцияны салу басымдылығын талқылау үшін облысқа келген жапон мамандарымен кездесуде әңгіме қозғалды. Жанондықтар тарапынан техникалық –экономикалық негізін әзірлеуге және ары қарай құрылысқа дайын екендіктерін білдірді. Жапонияда 50 астам қолданыстағы атом блоктары бар, ал бұл бұндай қызметтегі сәтті тәжірибесін дәлелдейді. Бұдан басқа, жапондық мамандар шетелдегі бір қатар ұқсас объектілерді салуға қатысады.
Әрине, жоба бас кезінен еліміздің Үкіметінің қолдауын алуы қажет. Қазақстанда қажетті заңнамалық база бар.

Қиыншылықта қалдырмаймыз

Сәрсенбі, Ақпан 17th, 2010

Биылғы қыстың болмаған қар көлемі және өте төменгі температурадан Абай, Күршім аудандары, Семей қаласының Абыралы ауылдық округы күрделі зардаптар шекті.
Өткен демалыста Өскемен және Семей қалаларынан «суық» жерлерге дәрі-дәрмектермен, тамақ өнімдерімен, мал жемдерімен, техника және ЖЖМ бірінші караван жолданды.
Абай ауданына Глукокое ауданының ауыл шаруашылық құрылымдарымен 3 КАМАЗ, Шемонаиха ауданынан – 3 КАМАЗ, Өскемен қаласынан 2 КАМАЗ жемшөп жіберілді.
Семей қаласы өңірлеріне Өсекемен қаласы ауыл шаруашылық құрылымдарымен 2 жүк көлік жемшөп көмегі көрсетілді, Бородулиха ауданы 1 жүк көлік жемшөп жолдады.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған өңірлерге Өскемен қаласы 8 тонна ЖЖМ және «Шығыс жолдары» АҚ бірігіп мал қыстағына апаратын жолды тазалайтын 3 трактор жолдады.
Акция жалғасуда.
Шет орналасқан аудандарға көмек көрсете алатындардың барлығын шақырамын.