|
Archive for the ‘Құттықтау’ Category
Сенбі, Наурыз 6th, 2010
Шын жүректен сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Сіздер сұлулық пен даналықтың, әсемдік пен сүйіспеншіліктің нышаны ретінде күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы отбасы жағдайымен қатар, жалпы өңір дамуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Бастаған әрбір ісіңіз сәтті болсын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілей отырып, бар армандарыңыз орындала берсін демекпіз!
Posted in Құттықтау | No Comments »
Бейсенбі, Қаңтар 7th, 2010
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Сіздерді Рождество мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл жарқын мейрамды көпұлтты еліміздің барлық азаматтары атап өтуде. Бұл күнгі ғибадаттар бейбітшілік пен келісімге, мейірімділік істерге шақырады. Рождество – сенім иелеріне рухани күш-жігер беріп, жанын тазартатын, өзара түсіністік сыйлап, болашаққа деген үмітті нығайтатын мейрам.
Мерекеде көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жандарыңыз жадыраңқы болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бастаған әрбір істеріңізге сәттілік тілейміз!
Posted in Құттықтау | No Comments »
Бейсенбі, Желтоқсан 31st, 2009
Құрметті шығысқазақстандықтар!
2009 жыл тарих қойнауына өтіп барады. Бұл кезең ауқымы мен сарыны әртүрлі оқиғаларға толы болды. Біз ортақ үйіміздегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өзара түсіністікті сақтап қалдық, тіпті одан әрі нығайта түстік.
Біз Елбасының тапсырмасын орындадық, көздеген жоспарларды іске асырдық және жауаптылығы мен қиындығына қарамастан экономикалық көрсеткіштердің деңгейін сақтап қалдық.
Әрқайсыларыңыз ортақ істің сәтті іске асуына өз үлестеріңізді қостыңыздар. Аймақтың индустриалды-инновациялық дамуы бастау алды. Президенттік бағдарламаның арқасында жолдар, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары жөнделді, коммуникация саласы даму үстінде, коммуналдық шаруашылықта да оңды өзгерістер аз емес. Біздің қалалар мен ауылдар көркейіп, таза әрі жайлы бола бастады.
Біз бұл қарқынды бәсеңдетпей, өтіп бара жатқан жылдағы жетістіктерді сақтауға және жалғастыруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Өткен жылды межелеп, алдағы уақытқа жоспар құратын, барша халыққа жадыраңқы көңіл күй сыйлайтын Жаңа жылдай ғажап мерекенің қарсаңында сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Жаңа жыл құтты болып, баршаңызға бақ-береке әкелсін!
Posted in Құттықтау | No Comments »
Сәрсенбі, Желтоқсан 16th, 2009
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Сіздерді еліміздің Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ел тарихы үшін он сегіз жыл қас қағым сәт. Дегенмен жас мемлекеттің жетістіктері айқын және біз оларды мақтан етеміз.
Талай мемлекеттер қаржылық дағдарыстың құрмауында қалып, экономикалық машақатқа тап болып жатқан биылғы жылдың өзінде Қазақстан қиындықтарды абыроймен жеңіп келеді.
Елбасы және Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар және мемлекеттің тұрақты экономикасы әлемді жайпыған қаржылық қиындықтардың жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, біздің Президент әлемде алғашқы болып дағдарыстан кейінгі даму бағыттарын айқындап берді.
Оның саяси беделі, сындарлы саясаты, замануи шешімдері мен болашаққа жұмыс істеу қабілеті ел дамуының алғышарты мен қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі болып отыр.
Он сегіз жыл бойы халқымыз тәуелсіздікті нығайту және экономикалық жағынан берік әрі демократиялық мемлекет құру мақсатында бірігіп жұмыс істеуде.
Енді біз осы қарқынды бәсеңдетпей, Қазақстанның және оның азаматтарының жетістіктерін сақтап, одан әрі дамытуға күш саламыз.
Мереке қарсаңында өнеркәсіпте және көлік саласында, құрылыс пен энергетикада, ауылшаруашылығында, байналыс пен қызмет көрсетуде еңбек етіп жүргендердің кәсіби жұмыстарын атап өткен абзал.
Әлеуметтік сала қызметкерлері – дәрігерлерге, мұғалімдерге, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы азаматтарға алғысымыз шексіз. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлердің алдында да маңызды міндеттер тұр. Сіздердің қиын да, абыройлы еңбектеріңізді құрметтейміз.
Азаматтық қоғам өкілдеріне, саяси партияларға, үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, діни конфессиялардың басшыларына үлкен алғыс айтамыз. Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан сындарлы сұхбаттың арқасында біз бірлесе отырып көптеген түйіткілді мәселелерді шешудеміз.
Еңбек және соғыс ардагерлеріне, Ақсақалдар кеңесіне және аға буын өкілдеріне ақыл-кеңестері, шыдамдылығы мен түсіністігі үшін рахмет айтып, бас иеміз.
Жастарға, өскелең ұрпаққа, тәуелсіздік құрдастарына батыл да, жалынды ойлары мен жобаларын іске асыруда сәттілік тілейміз. Сіздерді жастықтарыңыз, бастамашылдықтарыңыз бен қуаттарыңыз жаңа жеңістердің қозғаушы күші.
Барлық шығысқазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз берекелі, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!
Posted in Құттықтау | No Comments »
Бейсенбі, Тамыз 27th, 2009
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде
мемлекеттiлiк құра отырып,
өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын
алуды тiлей отырып,
қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып,
өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге
ала отырып
осы Конституцияны қабылдаймыз.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Сіздерді біздің еліміз үшін шын мәнінде ерекше мереке Қазақстан Республикасының Конститутция Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – Қазақстанның тұрақтану және өркендеу негізі, әрбір қазақстандықтың құқығы және еркіндігінің кепілі.
Мемлекет басшысымен ұсынылған және бүкіл халық қолдаған Негізгі заң Қазақстанның дамуының жолбасшысы және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси, сондай-ақ біздің еліміздің әртүрлі салалардағы жетістіктер процестерінің негізі болып келеді.
Бүгін біз Конституциямыз біздің халқымыздың шығармашылығын, жасампаздық қуатын белсендіреді, кәсіпкерлік бастамаға жағдай жасайды деп айтуға негіз бар.
Осы мерекенің қарсаңында сізге және сіздің отбасыңызға бейбітшілік және ынтымақтық, денсаулық, табыс және өркендеуді тілеймін!
Posted in Құттықтау | No Comments »
Сәрсенбі, Тамыз 12th, 2009
Сіздерді шын жүректен Спорт күнімен құттықтаймын!
Спорт мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты болып табылады. Ел Президенті Қазақстанның әрбір азаматына денешынықтырумен және спортпен айналысуға жағдай жасау қажеттігін үнемі айтып келеді. Өйткені дені сау адамдар – дені сау ұлт.
Спортшылардың жетістіктері мемлекеттің беделі мен абыройының белгісіндей болып келген. Халықаралық және әлемдік деңгейдегі сіздердің жеңістеріңіздің құрметіне Тәуелсіз Қазақстанның Көк Байрағы желбіреп, Әнұраны шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегін мақтаныш кернейді.
Спорт күнінің қарсаңында сіздерге мықты денсаулық, жан сергектігін, спорттағы жеңістер және жоғарғы жетістіктер тілеймін!
Отбасыларыңыздан бақ-береке кетпесін!
Posted in Құттықтау | No Comments »
Жұма, Тамыз 7th, 2009
Сіздің кәсіби мерекеңіз қарсаңында менің ізгі құттықтауымды қабыл алаңыз.
Құрылысшылар – өмірге деген белсенді көзқарастағы жандар. Сіздердің кәсіпқойлықтарыңыз бен дарындылықтарыңыздың арқасында жаңа үйлер, мектептер, ауруханалар, жолдар салынып жатыр. Өздеріңіздің ерен еңбектеріңіз арқылы біздің облыстың табысты дамуына алғышарттар жасай отырып, сіздер халықты баспанамен қамту, қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымын кеңейту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесесіздер.
Сіздердің қажырлы жұмыстарыңыз біздің аймақтың байқуаты мен гүлденуінің іргетасы болып қала берсін! Сіздерге мықты денсаулық, жаңа замануи жобалар және сарқылмас қайрат тілейміз!
Posted in Құттықтау | 1 Comment »
Дүйсенбі, Тамыз 3rd, 2009
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаған ізгі тілектерімді қабыл алаңыздар!
Біздің өнеркәсіптік аймағымыздың экономикасының табысты дамуы көбінеки көлік-байланыс кешенінің жағдайына байланысты болады. Оны жаңартумен, дамытумен және жаңа перспективалы бағыттар енгізумен көлік және байланыс саласының қызметкерлері айналысады. Біз жыл сайын автомобиль жолдардың құрылысы мен жөнделуіне бюджеттік қаржыны ұлғайтудамыз, облыс ішінде көліктің барлық түрлерінің үзіліссіз қозғалауына, елді мекендерге телефон байланысын тартуға жағдай жасаймыз. Бұл қаржының барлық шығысқазақстандықтардың игілігі үшін тиімді пайдаланылғаны абзал.
Сіздерге кәсіби жетістіктер мен межелеген мақсаттарыңызға жетуді тілеймін. Дендеріңіз сау болып, бастарыңыздан бақ кетпесін!
Posted in Құттықтау | No Comments »
|
|