Құрметті шығысқазақстандықтар !

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймын.
Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат.
Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.
Облыс экономикасының қазіргі даму деңгейі Елбасының алдымызға қойған міндеттерді кезең-кезеңімен шешуімізге мүмкіндік беріп отыр. Бұл тарапта шығысқазақстандық әрбір белсенді азаматтың еңбегі бар деп айтуға болады.
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Блогқа келушілердің НАЗАРЫНА
"Пікір" модулінде Сізге мәтінге байланысты пікір қалдыру қажет. Сұрақ қойғыңыз келсе мына сілтемені басыңыз: Сұрақ қою.
Бұл посттарға келіп түскен ой-пікірлердің барлығы модерациялауда өтеді. Бұл дегеніміз, пікірлердің барлығы жариялану алдында модератормен қарастырылады ұрыс-сөгіс, әдепсіз ой пікірлер жазылған жағдайда пікірлер жарияланбайды.

Leave a Reply