Құрметті шығысқазақстандықтар!
Сіздерді еліміздің Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ел тарихы үшін он сегіз жыл қас қағым сәт. Дегенмен жас мемлекеттің жетістіктері айқын және біз оларды мақтан етеміз.
Талай мемлекеттер қаржылық дағдарыстың құрмауында қалып, экономикалық машақатқа тап болып жатқан биылғы жылдың өзінде Қазақстан қиындықтарды абыроймен жеңіп келеді.
Елбасы және Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар және мемлекеттің тұрақты экономикасы әлемді жайпыған қаржылық қиындықтардың жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, біздің Президент әлемде алғашқы болып дағдарыстан кейінгі даму бағыттарын айқындап берді.
Оның саяси беделі, сындарлы саясаты, замануи шешімдері мен болашаққа жұмыс істеу қабілеті ел дамуының алғышарты мен қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі болып отыр.
Он сегіз жыл бойы халқымыз тәуелсіздікті нығайту және экономикалық жағынан берік әрі демократиялық мемлекет құру мақсатында бірігіп жұмыс істеуде.
Енді біз осы қарқынды бәсеңдетпей, Қазақстанның және оның азаматтарының жетістіктерін сақтап, одан әрі дамытуға күш саламыз.
Мереке қарсаңында өнеркәсіпте және көлік саласында, құрылыс пен энергетикада, ауылшаруашылығында, байналыс пен қызмет көрсетуде еңбек етіп жүргендердің кәсіби жұмыстарын атап өткен абзал.
Әлеуметтік сала қызметкерлері – дәрігерлерге, мұғалімдерге, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы азаматтарға алғысымыз шексіз. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлердің алдында да маңызды міндеттер тұр. Сіздердің қиын да, абыройлы еңбектеріңізді құрметтейміз.
Азаматтық қоғам өкілдеріне, саяси партияларға, үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, діни конфессиялардың басшыларына үлкен алғыс айтамыз. Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан сындарлы сұхбаттың арқасында біз бірлесе отырып көптеген түйіткілді мәселелерді шешудеміз.
Еңбек және соғыс ардагерлеріне, Ақсақалдар кеңесіне және аға буын өкілдеріне ақыл-кеңестері, шыдамдылығы мен түсіністігі үшін рахмет айтып, бас иеміз.
Жастарға, өскелең ұрпаққа, тәуелсіздік құрдастарына батыл да, жалынды ойлары мен жобаларын іске асыруда сәттілік тілейміз. Сіздерді жастықтарыңыз, бастамашылдықтарыңыз бен қуаттарыңыз жаңа жеңістердің қозғаушы күші.
Барлық шығысқазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз берекелі, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!