Жарты жыл көлемінде қызметтік сапар аясында мен Шығыс Қазақстанның әр түрлі жерлерінде боламын, Шығыс Қазақстанның бірегей және сирек кездесетін табиғаттың әдемілігіне таң қалудан жалықпаймын. Таулары, өзендері, далалары, өзен алқаптары, Алтай тауының қар басқан жоталары, таза көлдерінің көгілдір беттері – осының бәрін талай ғалым-саяхатшылар үнемі бейнелеген. Бұл қайта-қайта қолға қалам алып, көтеріңкі, таза, рухани туралы ойландырады.
Менің көргендеріммен бөлісіп, Сіздерге менімен бірге саяхатқа шығуды ұсынғым келеді.
Өз саяхатымызды Күршім ауданының Киин-Кириш бекетінен бастайық, ол қазақшаға аударғанда «паң сұлу» дегенді білдіреді.
Жасылдау-қызыл қоңыр және жасылдау-сұр реңктер ашық-сұр, сары және ақпен кезектесіп, төмен қарай қайта жасылдау-сұр және қызыл-қызыл қоңыр, шұбар-қызыл және кірпіш-қызылға ауысып тұрадаы. Бұл – Киин-Кириш тауы. Ол су орнына тұзға толған, көлдердің сирек қарлы-ақ дағымен сарғыш елсіз жазықтың үстінде тұр. Бұл орын ұзақ есте сақталып, қиялды дүрліктіреді.
Бұл біздің облысымыздағы жалғыз таң қаларлық орын емес, сондықтан да бізде Сіздермен болашақта Шығыс Қазақстанның басқа да аудандарына «сырттай» саяхат жасайтын мүмкіндігіміз бар.