Құрметті спортшылар!

Сіздерді шын жүректен Спорт күнімен құттықтаймын!

Спорт мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты болып табылады. Ел Президенті Қазақстанның әрбір азаматына денешынықтырумен және спортпен айналысуға жағдай жасау қажеттігін үнемі айтып келеді. Өйткені дені сау адамдар – дені сау ұлт.
Спортшылардың жетістіктері мемлекеттің беделі мен абыройының белгісіндей болып келген. Халықаралық және әлемдік деңгейдегі сіздердің жеңістеріңіздің құрметіне Тәуелсіз Қазақстанның Көк Байрағы желбіреп, Әнұраны шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегін мақтаныш кернейді.
Спорт күнінің қарсаңында сіздерге мықты денсаулық, жан сергектігін, спорттағы жеңістер және жоғарғы жетістіктер тілеймін!

Отбасыларыңыздан бақ-береке кетпесін!

Leave a Reply