Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының және мәслихатқа кезекті сайлаудың нәтижесі шығарылды.
Сайлаушылар тізіміне енген 865 179 адамның 693 929 сайлауға қатысты. Осындай келушілердің нәтижесі – 80.2% – сайлаушылар белсендігі бойынша басқа облыстар арасындағы ең жоғарғысы.
Өскеменде тұрғындардың 64.2% дауыс берді. Семейдегі электораттың белсендігі 66.6% құрады, Риддерде депутаттарға өз дауысын беру үшін тұрғындардың 70.8% келді. Шығыс Қазақстан облысының қалалары арасында Курчатов аса белсенділікпен көзге түсті – мұнда тұрғындардың 88.4% дауыс берді.
Аудандар бойынша: Абай – 99%, Аягөз – 92.7%, Бесқарағай – 98.6%, Бородулиха – 96.1%, Глубокое – 86.6%, Жарма – 94.8%, Зайсан – 99.4%, Зырян – 83.4%, Катонқарағай – 99.1%, Күршім – 98.4%, Көкпекті – 96%, Тарбағатай – 98.5%, Ұлан – 96.1%,Үржар – 94.1%, Шемонаиха – 95%.
Қаңтар
2012
Желтоқсан
2011
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Posted in ҚұттықтауСіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2011 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды.
Біздің көпұлтты өңірімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде.
Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!
Желтоқсан
2011
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Posted in ҚұттықтауСіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.
Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Желтоқсан
2011
Жастар форумы
Posted in Басылымдар6 желтоқсанда Семей мемлекеттік медицина университетінің конференц-залында «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылармен және «Дарын» орталығында дайындалатын дарынды мектеп оқушыларымен кездесу өткіздім.
«Болашақ» бағдарламасының бар жоқы он бес жыл жұмысы кезінде 7000 аса қазақстандық оның түлектері болды, оның ішінде 363 – Шығыс Қазақстан облысынан. Қазіргі сәтте Еуропа, Америка, Азия және ТМД әр түрлі жоғарғы оқу орындарында біздің 168 жерлесіміз оқуда. Ал «Болашақ» бағдарламасының 31 түлегі туған облысында тұрып, жұмыс істеуде. Жас мамандар бизнесте, медицинада, білім беру қызметінде әрекет етуде. Олардың кейбіреулері Өскеменнің ірі кәсіпорындары – Қазцинкте, ҮМЗ, арматур зауытында жұмыс істейді.
Жастармен өткен бүгінгі кездесу жастарға қарағанда, атқарушы билік үшін аса маңызды. Осы кездесуге Семейдегі университеттердің және институттардың барлық ректорларын және де Н. Гумилев атындағы Европалық университеттің ректоры Ерлан Сыдықовты шақыруым да кездейсоқ емес. Олар біздің керемет жастарымыздың жұмысымен жақсылап танысып, бізді ғылыми қызметке тартса жақсы болар еді. Ұлттық ядролық орталығында немесе «Алтай» технопаркінде жұмыс істейтін біздің кәсіпорындар мен ғылыми орталықтарының базасындағы өте жаңа, бірегей жобаларды жылжыту жұмыстарын жүргізу үшін біздің облысқа ең керемет жастардың күші мен білімін тарту біз үшін өте маңызды.
Семейдегі сегізінші «жұлдызды күннің» шарықтау кезеңі Абай атындағы театрда өткен, Шығыс Қазақстан облысы жастарының форумы болды. Дәстүр бойынша форум аясында қызметтің әр түрлі саласында өздерін көрсете білген ең үздік жастарға облыс әкімінің премиясын тапсыру салтанаты өтеді. Замандастарына өз жұмыстары айта отырып, форум делегаттары студенттік отрядттарды ары қарай дамыту мәселелерін көтерді, алған тәжірибелерімен бөлісті.
Жастар саясатын іске асыру – бұл біздің мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені дәл осы жастар біздің ісіміздің жалғасы. Олар бүгін керемет білім алулары үшін жаңа мектептер, мәдениет және спорт нысандары салынуда, өз форматы және ұстанымы бойынша жаңа оқу орындары ашылуда, олардың ең алғашқысы Назарбаев университеті болды. Құрылыс студент отрядтары және «Жасыл Ел» отрядтары туралы атамай кете алмаймын. Олар мемлекетке айтарлықтай көмек көрсетуде, әсіресе ауылды дамыту ісінде. Біздің жастарға қараған кезде жаныңа қуаныш ұялайды, арманмен рухтанған әдемі тұлғалар.
Желтоқсан
2011
Білім саласын дамыту мақсатында
Posted in БасылымдарАстанадағы Назарбаев университетінің ректоры Шигео Катсу бастаған оқу орнының бір топ өкілі біздің Шығыс Қазақстан облысымызға келді.
Назарбаев университеті – әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарымен еркін бәсекелесе алатын еліміздің ең беделді білім ордасы. Университетте қазақстандық білікті оқытушылармен қатар шетелдерден шақырылған атақты профессорлар да дәріс береді.
Біздің облыс білім сапасы бойынша республикада көшбасшы орындардың бірін иеленеді. Осы жылы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда 62 шығысқазақстандық жоғары сынып оқушысы жүлделі орындарды жеңіп алды.
біздің өңірде екі Назарбаев мектебі, он жоғары оқу орны жұмыс істейді, олардың ішінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ сынды іргелі университеттер бар.
Біз жастарымыздың елдің алдыңғы қатарлы оқу орнында білім алуларына ынталымыз. Бүгінгі таңда Назарбаев университеті студенттерінің арасында біздің өңірдің 83 түлегі бар. Олардың қатары жылдан-жылға көбейе бергенін қалаймыз, осы мақсатпен жоғарғы оқу орны мен біздің облысымыздың арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қараша
2011
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау аясында 28 қараша күні «Атамекен» ұранымен Зайсан ауданы мен ҚХР СУАР аймағы арасында өзара іс-шаралар өтті. Мерекелік бағдарлама «Майқапшағай» кеден бекетінің аймағында жаңа терминалдың құрылыс барысын қараудан басталды. Бекет қызметкерлері және «2017» шекаралық отряд қонақтарды өз күштерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен қуантты.
Мен Зайсан қ. заманға сай технологиялармен салынған «Рахат» мейманханасының ашылу салтанатына қатыстым. Бұдан басқа, қайта өңдеу өнеркәсібі – ұн тартатын зауытта, Зайсан сүт зауытында болдым, сондай-ақ, «Зайсан су» минералды суды өндіретін зауытта болдым.
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы мен Қытай Халық Республикасы Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданының Зимунай Алтай округы уезі арасында ауыл шаруашылығын, сауда-экономикалық байланысын ары қарай дамыту және нығайту мақсатында өңір әкімшіліктері басшыларының кездесуі өткізілген болатын. Кездесу барысында біз өзара ынтымақтастық мәселесін талдап, Сартерек, Қаратал ауылдарында тамшылап суарумен жылыжай салудан, жергілікті өсімдік өсіруші мамандарды оқыту үшін ҚХР-нан көкөнісші мамандарды тартудан; ҚХР шығатын автомашиналар мен тракторлардың қосалқы бөлшектерін сататын сауда желілерін ашудан; Зайсан қаласындағы ұн тартатын зауыт үшін қосалқы бөлшектер (бөлшектер мен жабдықтауларды) жеткізуден; Монғолия мал шаруашылығы өнімінің орнына Қытай аумағы арқылы ұн өнімін жеткізу және сату бойынша сауда дәлізін құрудан; ҚХР «Зайсан су» минералды суын жеткізуден тұратын меморандумға қол қойылды.
Зайсан қ. тұрғындарын және қонақтарын Зайсан ауданының және ҚХР СУАР Алтай өңірінің шығармашылық өнерпаз ұжымының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік концерті, сондай-ақ екі өңірдің көрмесі қуантты, онда мәдени сала ғана емес, сондай-ақ өңірлердің өндірістік жетістіктері ұсынылды.
Қараша
2011
Бүгін мен «Нұр Отан» ХДП республикалық саяси кеңес бюросының мүшесі Айгүл Соловьеваның, сенатор Сергей Плотниковтың, саяси кеңес мүшелерінің, аудан әкімдерінің, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының саяси кеңесіне қатыстым.
2012 жылғы 15 қаңтарда Парламент Мәжілісінің сайлауы өтеді. Біздің әрқайсымыздан біздің еліміз ертең қай жолмен дамитыны тәуелді. Нұротандықтар партияның көшбасшысы Нұрсултан Назарбаевқа оның стратегиялық ойларын іск асырудағы сенімді тіреу болып келеді және экономикалық дамудың жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге және барлық азаматтардың әл-ауқатының ары қарайғы өсуіне жауаптылықты алуға дайын.
Сондықтан да біз Қазақстан Республикасының әрбір азаматына білім алу мүмкіндігіне ие болуға, өз әл-ауқатын жақсарту құқығын иеленуге мүмкіндік беретін тұғырнама дайындауымыз керек. «Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты тұғырнама «2020 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясы» атты негізгі құжаттан шығады. Әлемдік қаржы экономикалық дағдарысы кезінде де еліміздің ішкі жалпы өнімі екі есеге ұлғайып, тартылған инвестициялар сомасы шамамен 80 миллиард АҚШ долларын құрады. Ең бастысы – экономиканың өсуін ары қарай қамтамасыз ету. Бұл бүкіл халықтың ортақ жеңісі.
Білімді және салауатты ұлт болып, өз кезегінде барлығына сәтті өмір және табыстың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететін мықты экономиканы құруға болады. Болашақ сәттіліктің формуласы – адам потенциалын дамыту арқылы еліміздің әр бір азаматы үшін өмірдің жоғарға деңгейіне қол жеткізу.
Қараша
2011
Сіздерді әлемдегі барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Жүзден астам ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында берекелі ғұмыр кешіп жатқан Қазақстан үшін бұл мерекенің орны ерек. Бұл күндi мүмин бауырларымыз асыға күтеді. Ата-баба дәстүрімен үңдестігін тауып келе жатқан мейрам бүгінде мемлекеттік мерекеге айналды. Мұны Елбасымыздың жүргізіп отырған салиқалы саясатының, дархан даламызды мекен еткен түрлі дін өкілдерінің сыйластығы мен ынтымақтастығының айқын көрінісі деп білеміз. Қазақстан Республикасы зайырлы, толерантты ел болғандықтан рухани құндылықтарды басты назарға қойып отыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қарыштап дамуының басты кепілі ішкі тұрақтылық екенін әрдайым айтып келеді. Ал тұрақтылықтың темірқазығы – діни ынтымақтастық. Көптеген ұлыстар пана тапқан біздің өңірімізде де түрлі дін өкілдері татулық пен береке-бірлікте өмір сүріп, әдет-ғұрыптарын жандандырып, бақуатты ғұмыр кешуде.
Еліміздің сан қырлы саяси мүдделерінің бірі – мұсылман әлемімен байланысты нығайтып, жаһандану дәуіріндегі діни бағытымызды айқындау.
Мейірімді, Рақымшыл Аллаһ Тәуелсіз елімізге, бауырмал халқымызға шапағатын жаудырсын! Мақсат-мұраттарымызды асыл етсін! Ел болып, жұмыла қолға алған игі істерімізді оңдап, кемел келешегімізді жарқын етсін деп тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз баянды болғай!
Қараша
2011
2011 жылғы 3 қарашада Өскеменге қызметтік іссапармен ҚР Денсаулық сақтау министрі Қайырбекова Салидат Зекенқызы келді. Біздің бастамамыз бойынша өңірдің денсаулық сақтау саласындағы көкейтесті проблемалары көтерілген болатын. Медицинадағы ақтаңдақтарға кезінде тиісті көңіл бөлінбегендіктен, туындаған мәселелердің уақтылы шешілмеуінен тұрғындар зардап шегуде.
Министр алдымен туберкулезге қарсы облыстық диспансер болды. Мамандар министрге туберкулезге қарсы облыстық диспансердің бүгінгі күйін көрсетті. Ғимарат авариялық жағдайда тұр. Санитарлық нормаларға сай емес. Бұл нысан да қираудың аз-ақ алдында тұр, сондықтан қалада жаңа облыстық туберкулезге қарсы аурухана құрылысын бастау қажет.
Бұдан соң министр жедел жәрдем ауруханасының жақында қайта жарақталған перзентханасында болды. Жедел жәрдем ауруханасына тиесілі бұл ғимарат сонау 1956 жылы салынған. Ешбір санитарлық нормаларға сай келмейді. Дереу жөндеуді қажет етеді. Медициналық мекеменің автокөлік паркін де жаңарту керек.
Ведомство басшысы сондай-ақ онкологиялық диспансерде, жаңадан салынған сәуле терапиясы және диагностика орталығында болды. Бұдан соң министр облыстық ауруханада жүргізілген жөндеу жұмыстарын көріп, осындағы кардиохирургия бөлімшесінің жұмысымен танысты. Бұл жерде науқастарды тәжірибелі мамандар емдейді. Облыстық ауруханада хирургия корпусын салу қажеттігі жөнінде мәселе көтерілді.
Түстен кейін министр Буров көшесіндегі емханада болып, ондағы ұзын-сонар кезекті азайтуға бағытталған тың технологиямен танысты. Мұнда терминалдар орнатылып, электрондық кезек іске қосылаған. Тіркеу бөліміндегі компьютерлер ғаламторға да қосылған, сондықтан мұнда дәрігерге онлайн режимде-ақ жазылуға болады.
Ана мен бала орталығында аналық және балалық шақ проблемалары талқыланды.
Министр Салидат Қайырбекова шығысқазақстандықтардың алдында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қалай жүзеге асып жатқаны жөнінде есеп берді.
Саланың барлық проблемалары қала дәрігерлерімен өтетін қорытынды кездесуде пысықталды.
Қазан
2011
Ядролық қарусыз әлем үшін
Posted in БасылымдарШығысқазақстандықтар Бірінші Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздандыру саласындағы бастамасының ең белсенді жақтастары болған. Ядролық сынақты тоқтату, Семей полигонын жабу, ядролық арсеналға ие болудан бас тарту, Орталық Азияны ядролық қарудан босаған аймақ етіп жариялау, Елбасының 29 тамызды Халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалыс күні деп жариялауы – осының бәрі Семей өңірімен тікелей қатысты оқиғалар.
13 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы Семей және Курчатов қалаларында «Ядролық қарусыз әлем үшін» Халықаралық форумы аясында бірқатар іс-шаралар өтті.
Оған 26 елдің, 20 халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, бас-аяғы 142 мейман келіп қатысты. Атап айтқанда БҰҰ, МАГАТЭ атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі, АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Норвегия, Румыния, Словакия, Ресей Федерациясы, Қытай мен Үндістанның өкілдері, Нагасаки қаласының мэрі болды.
Форумның екінші күні түрлі шараларға толы болды. Курчатов қаласында мәртебелі меймандар Ұлттық ядролық орталықта болды.
Форумға қатысушылар Курчатов қаласындағы «ТОКАМАК» материалданған термоядролық реакторының жұмысымен танысты.
Ұлттық ядролық Паркпен танысу барысында меймандарға аса ауыр элементтердің жаңа синтезінің жетелдеткіш кешенін құру жөніндегі инвестициялық жоба таныстырылды. Бұл жоба Қазақстанды әлемдік ғылыми стратегияны екшелейтін алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосары анық.
Форумға қатысушылар Семей ядролық полигоны алаңында (Ground Zero), сонымен қатар, «Байкал-1» (өңделген ядролық жанармайды ұзақ сақтауға арналған) кешенінде болды.
Семейде делегаттар алдымен аймақтық онкологиялық диспансерге аялдады. Медициналық мекеме ШҚО Семей өңіріне кіретін алты елді-мекен, Семей және Курчатов қалаларында, жалпы саны 609,1 мың тұрғынға қызмет көрсетеді.
«Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумын Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 20 жылдығына арналған митинг қорытындылады. Шараға 20 мың адам қатысты.
Митинг өткен Түйемойнақ аралында сонымен бірге биіктігі 28 метрлік «Бейбітшілік стелласының» ашылу салтанаты болды. Алып кешен «Өлімнен де күшті» монументінің іргесінен орын тепті. Осылайша автор жалпыұлттық трагедиядан бейбітшілік пен келісімге беттеген бағытымызды бейнелеген.
«Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумы Қазақстанның ядролық қарудан бас тартудағы тағы бір маңызды қадамы болды.
